Маңғыстаудағы Шар алқабындағы тастар ғарыштан құлаған ба?

Қазақстанның Маңғыстау облысы – Орталық Азияға саяхат шегетін туристер үшін аса тартымды бағыттардың бірі.

Бұл өңірдегі Торыш шатқалында таңғалдырарлық Шар алқабы орналасқан. Алып аумаққа тарыдай шашылған мыңдаған дөңгелек тас шынымен де таңдай қақтырмай қоймайды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Олардың кейбіреуі адам алақанына сиып кетсе, енді басқаларының ені үш метрге дейін жетеді. Жұмыр тастардың шығу тегі бойынша ғалымдар бір тоқтамға келмеген.

Болжамның бірі бойынша, тастар ғарыштан құлаған метеориттер болуы мүмкін. Олардың ішкі құрылымы борқылдақ. Тағы бір болжамға сәйкес, бұл көне мұхиттың іздері болуы мүмкін. Шарларды оңай жарып, қатып қалған тас, ұлу қабыршақтарының қалдықтарын табуға болады. 

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: kudatotam.ru