Жастар журналист Жабал Ерғалиевпен кездесті

Жастар жылы тәмамдалуға жақын. Еліміздің Тұңғыш Президенті жариялаған бастама аясында жас қазақстандықтарды ынталандыруға, қолдауға, жаңа кәсіп игеруіне, ұрпақтар сабақтастығына арналған түрлі шаралар өткізілді.

Сондай игілігі мол кездесу елордада өтті. Жастар танымал журналист, драматург және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесті. Шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Мұндай кездесулер жастарға кітаптан да артық азық береді, дейді кітапхана қызметкерлері.

БОТАГӨЗ ҚАИПОВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

 - Суггестия принципі арқылы өзінің қалыптасқан тәжірибесімен, сонымен қатар тәжірибенің арқасында жастарға нақты ақыл беретін, тұлғалармен кедестіріп, жастарға кітаптың арқасында емес, әлеуметтік желіден оқыу арқылы емес, тікелей байланыстың барысында өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, аға буын мен орта буын және жас буынның арасында сөйлесе білу, тәжірибе алмасу – осындай кездесудің мәні деп айтуға болады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: inform.kz