Елордада азаматтық қоғамның ұлтаралық келісім орнатудағы маңызы талқыланды

Елордада азаматтық қоғамның ұлтаралық келісім орнатудағы маңызы талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі елдерінің ұлттық мәдени орталықтарының форумын өткізді.

Елордалық алаң халықаралық кеңеске мүше мемлекеттердің дипломатиялық корпус, мемлекеттік ұйым, этно-мәдени бірлестік өкілдері, сарапшылар мен депутаттардың басын қосты.

Қатысушылар Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттердің тәжірибелерімен танысып, азаматтық қоғам құрудың әлеуеті жөнінде пікір алмасты.

Мамандардың пікірінше, мәдени мұраны жаңғырту – бірыңғай кеңістіктегі мемлекеттер келісімінің алғышарты болып табылады.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен аталмыш кеңес туралы ой қозғайтын болсақ, біз 2014 жылы өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге тұрған болатынбыз. Сол меморандум аясында ортақ мәселелерді шешу үшін диалогтық алаң құрылды. Онда азаматтық қоғамды жетілдіру мәселелері талқыланады. Барлығымыз бас қосып, бірлігімізді бекемдей түсудің жолдарын іздейміз. Бұл жолы жастарға арналған арнайы алаң бөлінді. Бұл орайда белсенді жастардың ойын білгіміз келеді.

Фото: sputniknews.kz