Қазақстанда Жастар жылы қорытындыланды

Елордада Қазақстандағы жастар жылы қорытындыланды. Еліміздің жас азаматтарын қолдау бағытындағы іс-шаралар Парламент Мәжілісінің отырысында талқыланды.

Мамандардың айтуынша, Үкімет осыған орай арнайы Жол картасын әзірлеген. Құжат 89 бағыттан құралған. Оның 13-і орындалып үлгерілсе, өзгесі жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса жастарды демеуге арналған бірқатар жоба қолға алынған. Олардың бірі «Жас кәсіпкер» - бағдарламасы. Оның аясында 20 мың жасты оқытуға 1,5 млрд теңге бағытталып отыр.

НҰРЖАН ӘЛТАЕВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Еңбекке жарамды ел жастарын тұрақты жұмыс орны және табыспен қамту үшін Қазақстанда «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» атты мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асып жатыр. «Жас маман»  аясында  Қазақстанның 100 оқу орнының қабырғасында алдағы 3 жылдың ішінде сұранысқа ие, аса тапшы деген мамандықтарға 210 мың жас маманды оқытуды көздеп отырмыз. Бұл орайда жұмыс берушінің талабы барынша ескеріледі. Бұл – еліміздің қолға алған бірегей бастамасы. Бұндай жоба әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: ustinka.kz