«Олимп» БК балалар спортын дамыту жөніндегі жобаны іске қосты

«Олимп» букмекерлік кеңсесі Талдықорғанда жаппай балалар спортын дамыту жөніндегі бірегей әлеуметтік жобаны іске қосты.

Қаланың барлық мектептеріне «Олимп» букмекерлік кеңсесінен сыйлық ретінде осындай футбол ойнауға арналған керек-жарақтар сыйға тартылды.

Осылайша, білім алып жүрген көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 700-ге жуық бала мектеп секциясында тегін жаттығатын болады.  Оларға арнайы бағдарлама бойынша футбол ойнау үйретіледі.

БІРЖАН БАЙҒАЛИЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бізде «Жетісу» футбол орталығының консультативтік қолдауымен семинар-жаттығулардан өтеді. Біз олар үшін арнайы білім алу бағдарламасын әзірледік. Олар осы бағдарлама негізінде білімдерін жетілдіреді.  Сол жоспар бойынша бір апта бойы балалармен өз залдарында жұмыс істеп жатыр.

Жоба аясында спорттық керек жарақтар таратумен қоса, жаттығулар да ұйымдастырылады. Футбол турнирлері өтеді, сондай-ақ балалар түрлі экскурсияларға шығады, олардың қатарында халықаралық кездесулерге бару да бар. Ең дарынды балаларды Еуропалық «Челси», «Барселона», лиссабондық «Спортинг» фетекші футбол командаларын байқауға жібереді.

«ОЛИМП» БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕСІНІҢ ӨКІЛІ:

- Біздің міндетіміз – ең алдымен, әлеуметтік осал топтарды қамту. Бұл – әлеуметтік қорғалмаған  отбасылардағы балалар. Біз елімізде спорттың дамығанын қалаймыз, бұл – біздің жарқын болашағымыз. Ал жарқын болашақ – біздің балаларымыздың қолында. «Олимп» букмекерлік кеңсесі кемел келешекке қол жеткізу үшін барынша үлесін қосуға дайын.

Егер қанатқақты жоба сәтті болса, оны бүкіл облыс бойынша, кейіннен өңірлерде де енгізіледі. Есесіне, «Олимп» букмекерлік кеңсесі тек футболды ғана емес, командалық спорт түрлерін дамытуды көздеп отыр.

Фото: stavka365.com