Ұлыбританияда білім алып жүрген қазақстандық жас ғалымдар

Еуропаның университеттері жыл сайын қазақстандықтар үшін тегін оқу мүмкіндігін беретін 200-ден астам грант бөледі. Олардың дені білімдерін Ұлыбритания елінде толықтырып жүр. Көпшілігі техника, қаржы және химия-биология салаларын таңдаған, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Сырт елде оқу түгестеп жүрген жерлестеріміздің қатарында Куин Мэри университетінің 4 курс студенті Әйгерім Үмбетбаева бар. Ол қаржылық ақпараттың инвестиция тартуға ықпалы мен маңыздылығын зерттеп-зерделеп жүр. Доктарант бұл жоба аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық есеп бойынша мемлекетаралық және халықаралық стандарттар кеңесі мүшелерінің құрамына еніп отыр.  

ӘЙГЕРІМ ҮМБЕТОВА, КУИН МЭРИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Менің жұмысымның жаңалығы – мұндай зерттеулер Қазақстан жайлы бұрын-соңды жүргізілгендігінде. Бұл – қаржылық ақпарат ықпалының жүйелі сараптамасы. Оған бүкіл әлем, оның ішіне Қазақстан да кіреді. Бүгінгі таңда елімізде бірінші кезекте қаржылық есеп жасаудың сапасына деген сын шаш етектен. Екіншіден, бұл саладағы мамандарды сертификациялауға да қатысты ескертпелер көп айтылады.

Мұхит Құлмағанбетов те докторантурада білім алып жатыр. Ол әлемнің озық оқу орындарының бірі – Кардифте офтольмология саласының қыр-сырын меңгеруде. Бүгінде ол глаукома ауруын ерте кезден анықтау тақырыбында жергілікті әріптестерімен бірлескен жоба жасап жатыр. Бұл кесел соңғы кезде белең алып, жаһандық мәселеге айналған. Қазақстандық соқырлыққа душар болған науқастардың санын төмендетуге және аурудың алдын-алуға өз үлесін қосқысы келеді.

МҰХИТ ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, КАРДИФ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Менің ғылыми жұмысымның жаңалығы – ол жасанды интеллекті пайдалана отырып, әрбір адамның алдын-ала глаукомамен ауырады немесе ауырмайды деген классификациясын жасау. Сондықтан біз ол бағдарламаны жақсылап бітіріп, ертең клиникаға енгізсек, бұл адамның глаукомамен ауыра ма, жоқ па және шамамен глаукомаға қанша уақыт қалды деген сияқты мәселелерді шешеді. Сол үлкен статистикалық және компьютерлік бағдарламаларды қазір өзім кодтарын жазып, енгізіп жатырмыз.

Қос отандық ғалым келешекте шетелде алған бар білімдері мен жиған тәжірибелерін туған елінің игілігі үшін жұмсауды мақсат тұтып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: angliya.com