Қазақстанда Орталық Азияда баламасы жоқ топырақты талдау зертханасы ашылды

Қазақстанда Орталық Азияда баламасы жоқ зертхана ашылды. С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің жанынан  құрылған бірегей орталық топырақтыың құнарлығын анықтауға арналған. Жердің құрамына 10 көрсеткіш бойынша сараптау жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

АЙГҮЛ ҚАСЫМҚАНҚЫЗЫ, ЗЕРТХАНАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

-  Бір сағаттық жұмысты 5 минутқа дейін қысқарта аламыз. Яғни топырақтың құрамындағы барлық жерсітілік металдар, макро элементтер, микро элементтер, тұздар, қосылыстар анықталады. Яғни топырақтың барлық фазаларына зерттеу жүргізе аламыз. Сұйық фазасына, газ фазасына, қатты фазасына, топырақтың сіңіру кешеніне толық талдау жүргізіледі. 

Заманауи қондырғылар алуға германияндық топырақтану институты 300 мың еуро грант бөлген. Енді жер емген отандық диқандар еуро стандартқа сай егістіктің сапасы мен қоректік қасиеттерін және қажетті тыңайтқыштарды өзімізде талдай алатын болды.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, С. ССЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ РЕКТОРЫ:

-  Бұрын көптеген фермерлеріміз топырақты талдау үшін шетелге: Америкаға, Еуропаға жіберетін. Қазір оны өзімізде істеуге мүмкіндік алдық. Біз сол зерханада жұмыс істейтін мамандарды дайындайтын боламыз. Содан кейін осы жобаны Қазақстанның басқа аймақтарына таратуымыз керек.

Зертхана жергілікті және Оталық Азия аймағының аграрилерімен әріптесткік орнатуды көздеп отыр. Ішкі және сыртқы тапсырыстарды орындау үшін қуат жеткілікті дейді, мамандар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: 4geo.ru