Қазақстанда шетелдегі қазақтарды қолдау мақсатында заң жобасы әзірленеді

«Отандастар» қоры шетелдегі қазақтардың қажеттеліктерін зерттемек ниетте. Сонымен қатар жиынға қатысушылар этникалық қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесін де талқылады.

Айта кетейік, қазір әлемнің бірнеше елінде 7 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. Қор білім алу және ана тілін сақтау мақсатында «Жол картасын» іске қосқан болатын.  Оның негізгі тармақтары – мемлекеттік бағдарламаны және шетелдегі қазақтарды қолдау және олардың ерікті түрде қоныс аударуы туралы заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ колл-орталықтар мен қоғамдық қабылдауларды үйлестіру.

МАҒАУИЯ САРБАСОВ, «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Отандастар» қоры ретінде, дүниежүзі қазақтар қауымдастығы ретінде соларды сол елде қазақ екенін ұмытпауы үшін қазір халықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Зерттеу аясында осындай кездесу өткізіп, барлығын талқылап, жаңадан әзірленіп жатқан заң жобасына мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр.

Фото: azattyq.org