Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу аяқталды. Қазіргі уақытта үміткерлер бастапқы үш кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау, кандидаттарды тестілеу және тестілеуді верификациялау кезеңдерінен толығымен өтті.

Айта кетейік, іріктеудің барлық рәсімдері міндетті түрде ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Резервті қалыптастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Бастапқы тіркеуден 13 мыңнан астам адам өтті. Олардың 7312-сі тіркеу рәсімін толық аяқтады.Үміткерлердің ішінде шетелде жүрген қазақстандық 46 азаматы бар. Елден тыс жерде жүрген азаматтарымыздың ішінде ең үлкен өкілдік Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Түркия елдерінен болып отыр.

АНАР ЖАЙЫЛҒАНОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Тест үміткерлердің күрделі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтауға бағытталды және екі блоктан құралды – вербалды және сандық. Бұл олардың сараптамалық және сындарлы ойлау жүйесінің деңгейін, логикасын анықтауға мүмкіндік берді. Қабілеттіліктерді тестілеуге 5745 үміткер қатысты. Бұл кезең нәтижелерін есептеу автоматтандырылған режимде өтті.

Ал қазір «Әлеуетті бағалау» іріктеуінің келесі кезеңі өтіп жатыр. Резервке қабылдау туралы қорытынды шешімді Ұлттық комиссия қабылдайды. Енді жас қазақстандықтар да іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.