«Хабар» Агенттігінің туындылары халықаралық нарықта ұсынылды

«Хабар» Агенттігінің туындылары – телефильмдер, хикаялар мен бағдарламалар әлемдегі ең ірі MIPCOM аудиовизуалды нарығына шығарылды. Көрмеге агенттік арналарында ұсынылды. Түрлі мемлекеттерден келген қатысушылар «Хабар» Агенттігінің телеөнімдерінің стендіне аса қызығушылық танытты. Кейбірі агенттік арналарында жарыққа шыққан дүниемен алғаш рет танысып жатса, енді бірі қазақстандық контенттің жоғары сапалы екенін айтады. Бұл көрмеде «Хабар» көрерменді баурап аларлық шетелдік фильмдер мен хикаяларды іздеп қана қоймай, өзі түсірген үздік туындыларды да ұсынады. Мысалы, көрме қатысушылары Сидней Олимпиадасының чемпионы туралы «Бекзат» биографиялық драмасы мен  ұшқыштар жайлы «Степные ястребы» телехикаясына қызығушылық танытты. 

ЕРЛАН БЕКХОЖИН, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің мақсатымыз – отандық көрермендерге қызықты болатын өнімді табу. Сонымен қатар Агенттік өндірген туындыларды әлемге таныту, паш ету. Қуантатыны, халықаралық нарықта біздің өнімге сұраныс жоғары. Танып, біліп жатқандар қаншама. Одан бөлек, бірнеше телекомпаниялар біздің агенттіктен өз конттентерін таратуға көмек көрсетуімізді сұрап келді.

Фото: Хабар 24