Нұр-Сұлтанда «Қалалық су ресурстарын басқару» форумы өтті

Қоршаған ортаны қорғап, табиғи қорды ысырап қылмау.  Бұл жасыл саясатқа көшудің алғы шарттары.  Осы орайда таза ауыз су сапасын жақсартуды қолға алудың  маңызы айрықша. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өткен «Қалалық су ресурстарын басқару» атты форумында айтылды.

Мақсат – тіршілік көзінің сапасын жақсартып, су таратқыш жүйені толықтай жаңғыртуға қажетті озық технологияларды ендіру. Жиында Нидерланды, Жапония, Белгия елдерінің сала ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ бас қосуда Назарбаев Университеті Халықаралық су қауымдастығының мүшесі атанғаны белгілі болды.

ТЕОДОР ПОПА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 - Бұл мүшелік университетке халықаралық қауымдастықпен өзара тәжірибе алмасып, халықаралық үздік жобаларды ендіру бойынша үлкен білім қорына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің қауымдастық барша әлем бойынша елдер және ұйымдармен таза ауыз су мәселелерін шешу үшін ынтымақтастық орнатуға трысады.

ЭД СМИТС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 - Біз елдерді аралап, ондағы суға қатысты мәселелерді сараптап, зерттеулер жүргіземіз. Ол су ресуррстарының тарифін реттеуге қатысты болуы мүмкін. Туындаған мәселе бойынша сарапшыны жіберіп, статистикалық мәліметтер негізінде ұсыныстар жасаймыз.