Нұр-Сұлтанда онкология лидерлерінің дүниежүзілік саммиті өтеді

Нұр-Сұлтанда қазанның 15-і мен 17-і аралығында Онкология саласы лидерлерінің дүниежүзілік саммиті өтеді. Жоғары деңгейдегі жыл сайынғы кеңеске қатысушылар онкологиялық аурулармен күрес жолдарын іздеп, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау әдістерін талқылайды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Халықаралық форумға сала лидерлері, денсаулық сақтау министрлері, корольдік отбасылардың мүшелері және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Осы мақсатта елордаға Қатерлі ісікті бақылау жөніндегі Халықаралық одақтың президенті Иордания ханшайымы Дина Майред келді.

ДИНА МАЙРЕД, UICC ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Онкология саласы лидерлерінің дүниежүзілік саммиті Қазақстанға, дәрігерлерге, зерттеу орталықтарына тәжірибе алмасып, ең алдынғы қатарлы сарапшылардың әдістерімен танысуға мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан қаласына қатерлі ісікпен күрес саласының 350 маманы келеді. Бұл форумның өткізілуін сіздің елдің басшылығы қолдап отыр. Конференция мазмұнды өтіп, ең озық идеялар алмасатын алаңға айналады деп сенемін.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: azertag.az