Адами капитал – мемлекет дамуының басты факторы

Адами капитал – мемлекеттің табысты дамуының басты факторы. Қазақстан осы бағыттағы мүмкіндіктерін қарқынды түрде арттыруда. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта 200-ге тарта еуропалық жоғары оқу орны қазақстандық мектеп түлектері үшін грант бөледі. 20 мыңдай жергілікті жас шетелде тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні 150 мың қазақстандық әлемнің ең озық білім ордаларында мамандық игеруде. Ал 2025 жылы ондай студенттердің саны 400 мыңға дейін артады. 

АЛМАС САТЫЛҒАНОВ, BOLASHAQ DEVELOPMENT FUND ТӨРАҒАСЫ:

 - Жаһандану заманында білімді туған елде ғана алумен шектелмеу керек. Егер осында оқу бітіріп, шетелде магистратураға баруға ниет танытатын жастар болса, көмек көрсетеміз.

НАТАЛЬЯ КУДЕЛЯ, FHWS ШЫҒЫС ЕУРОПА БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІ:

 - Назарбаев зияткерлік мектептері түлектерінің дайындығы өте жақсы. Ағылшын тілін жетік біледі. Сондай-ақ физика мен математика пәндерінен білімдері мықты. Сол себепті біз оларды ең жақсы үміткер ретінде қарастырамыз. Мысалы, биыл бізге Қазақстаннан 25-30 адам келді. Тағы біразы виза күтіп отыр. Осыны ескергенде, біздегі шетелдік жастар саны 150-ге жуықтайды.

Фото: vecher.kz