БҰҰ даму бағдарламасы: Тозған жерлерді қалпына келтіру

Тозған жерлерді тыңайтып, шөлейттелген топырақтың құнарлығын қалпына келтіру. Алматыда бас қосқан Орталық Азия аймағының ғалымдары мен аграршылары бұл мәселенің түйінін іздеуде. Халықаралық форумды БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы ұйымдастырды. Аталмыш ұйым мәліметіне сай, өңір елдерінде жарамсыз жерлердің үлесі 40-тан 100 пайызға дейін құрайды. Топырақта қарашіріктің болмауы жылына 12,5 млрд доллардың шығынын алып келеді. Жиынға қатысушылар 3 күн бойы Орталық Азия аумағындағы жерлерді қалпына келтіруге қатысты бірлескен жоспар құратын болады.  

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ,  ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Қазақстан осы мәселенің алдын алып, күресу үшін халықаралық ұйымдармен бірлесіп белсенді жұмыс жасауда. Соңғы 15 жылдың ішінде біз жалпы құны 52 млн долларды құраған 30-дан астам жобаны жүзеге асырдық. Олардың бірі құрғап қалған Арал теңізінде сексеуіл отырғыздық. Нәтижесінде бүгінгі таңда биіктігі 3-4 метрге жеткен 56 мың гектар сексеуіл орманы пайда болды.   

Фото: agro-max.ru