Қазақстанда Алтын Орданың 750 жылдығы аталып өтіледі

Қазақстанда Алтын Орданың 750 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілмек.

Қазіргі кезде дайындық жұмыстары басталып кетті. Ауқымды шараға орай Қарағанды облысындағы Жошы Хан мавзолейі, Хан ордасы ескерткіштері жөнделеді. Атқарылатын маңызды міндеттердің бірі – Жошы Хан кесенесін ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енгізу.

Сондай-ақ, отандық туризмді дамыту мақсатында 2020 жылы жергілікті инфрақұрылымды жетілдіру қолға алынады.

Жыл басынан бері Қарағанды өңіріне 30 мың турист барса, оның 3 мыңы – шетелдік. Тұжырымдамаға сай, Ұлы Жібек жолы бағдарына басымдық беріледі.

НҰРҒИСА ДАУЕШОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Басты мақсат – мемлекет басшысының жолдауын кеңінен насихаттау және халықпен тікелей кездесіп, халықтың әл-ауқатын білу, жүздесу. Және де өздеріңіз жақсы білесіздер. Келесі жылы алдымызда Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау мақсатында айтулы мереке жоспарланып жатыр.

Фото: aigak.kz