Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары

«Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» атты зерттеу жұмысының таныстырылымы елордада өтті. Әлемдік экономика және саясат институтының қабырғасында 2 жылға созылған әлеуметтік жобаның қорытындысы жарияланды. Ұжымдық еңбекті отандық ғалымдар мен Фридрих Эберт қоры бірлесіп жүргізген. Зерттеуге 1600 адам тартылған.

БОТАГӨЗ РАКИШЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР КАНДИДАТЫ:

-  Сауалнама өте ауқымды болды. Оның сұрақтарына жауап беру үшін респонденттеріміз 35-40 минут уақыт жұмсады. Ол саяси, еңбек, отбасылық азаматтық сынды түрлі құндылықтарға жіктелген бірнеше болктан тұрды. Сондай-ақ әлеуметтік-демографиялық бөлімнен құрылды. Ол жерде жасы, ұлты, жынысы сынды әртүрлі әлеуметтік-демографиялық өлшемдерге жауап беру керек болды. Түрлі әлеуметтік топтардан жауап алдық. Нәтижесінде қазақстандық қоғамның шағын моделі құрылды.  

ЛЕОНИД ГУРЕВИЧ, ЖОБАНЫҢ ҒЫЛЫМИ РЕДАКТОРЫ:

-  Қоғамның барлық топ өкілдері, оны ішінде жастар үшін бүгінде отбасы басты құндылық екенін анықтадық. Бұл – біздің зерттеуіміздің берген нәтижесі. Дәстүрлердің негізін жаңғырту – оның құндылығын еселей түседі.    

Фото: goodfellowcoaching.com