Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту

Қазақстан 99 халықаралық бағытта 24 мемлекет және 9 әлемдік қаржы орталықтарымен тұрақты әуе қатынасын орнатқан. Елдегі жолаушыларды тасымалдау көлемі де өсіп келеді.

Өткен 8 айда ғана азаматтық авиацияда 5,6 млн жолаушы тасымалданды. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артық.

2020 жылы Шанхай мен Сингапурға рейстер ашылады.

Биыл Нұр-Сұлтаннан Токиоға, Прагаға, Ұлан-Батырға жаңа бағдарларлар салынды.

Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселелері қаралды. ҚР Премьер-Министрі отандық әуежайларда шетелдік авиакомпаниялар үшін «ашық аспан» режимін ұсыну жұмысын белсенді жүргізуді тапсырды. Бұл бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше билет құнының төмендеуіне әсер етеді, дейді үкімет басшысы.

Фото: capost.media