Қазақстанға NASA астронавты Шэннон Уокер келді

Қазақстанға NASA астронавты Шэннон Уокер келді. Ғарышта болған батыр әйел қазанның 4 мен 10 аралығында Алматыда өтетін Ғарыш апталығына қатысады деп күтілуде. Онда саланың ғылыми-техникалық жетістіктері мен болашағы жайында талқылаулар ұйымдастырылмақ. Еске салайық, доктор Уокер – осыдан 9 жыл Бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған МКС бортының инженері. Ол 163 күнге созылған ғарыштағы аса ұзақ миссиялы экспедициялардың бірі болды.

ШЭННОН УОКЕР, NASA АСТРОНАВТЫ, ҒАЛЫМ /АҚШ/:

-  Мен Қазақстанға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Өйткені бұл елді көбірек танып білуіме енді бір тамаша мүмкіндік туды. Мен алғашқы сапарымда тек Байқоңыр айлағын ғана көрген едім. Енді Қазақстанды өзге қырынан ашқым келеді. Осындағы жергілікті тұрғындармен кездессем бе деймін. Қазақстандық оқушылармен тілдесуді жоспарлап отырмын. Елдің көрікті жерлерін аралайтын боламын. Мен Қазақстанның адам баласының ғарышқа ұшуы үшін жасап жатқан бар игі істерін құрмет тұтамын. Біз ғарышқа осы жерден ұшып, қайта аман-есен қондық. Біз үшін бұл – өте маңызды ел.

Фото: Казинформ