Ұлыбританиядағы Қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнайды

Ұлыбританиядағы Қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнайды. Кейбір мәліметтер бойынша, қазір онда 50-ге жуық қазақ отбасы тұрып жатыр. «Отандастар» қорының өкілдері қандастарымызбен бизнес-форумда кездесіп, әріптестік құрудың мүмкіндіктерін қарастырды. Форумда, сондай-ақ әлем бойынша іскерлік үйлер мен мәдени орталықтар желісін құрып, оны қазақ мәдени-іскерлік үйі шаңырағы астына біріктіру мәселесі көтерілді. Қандастарымыздың бизнес-бастамалары ынталандырылып, тың идеялары қолдау табады. Лондондағы бизнес-форум – Мюнхен, Сан-Франциско және Стамбұл қалаларындағы кездесулерден кейінгі төртінші іс-шара. Келесі кезекте – Стокгольм. Ал қараша айында Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумы шартараптағы қазақтардың басын қоспақ.

МАҒАУИЯ САРБАСОВ, «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Қазіргі кезде «Отандастар» қоры еліміздегі қаржы институттарымен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Оның барлығы шетелдегі бауырларымызды қолдауға бағытталған. Мақсат – оларды қолдау, елімізге оралған бауырларымызды, қандастарымызды бейімдеуге жәрдемдесу.

Фото: ehonews.kz