«Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Қазақстанда «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынған жобаның мақсаты – Қазақстан елордасын, солтүстік және орталық өңірлерді көгілдір отынмен қамти отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру. Бірінші кезеңде 3 миллионға жуық тұтынушыны газбен қамту көзделген. Жоба құны – 267 млрд теңге. Құрылыс Қазақстан даму банкі мен Еуразиялық даму банкінің қолдауымен қаржыландырылды.

АМАНГЕЛДІ ИСЕНОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қаржыландыру сомасы – 102 млрд теңге. Ерекшелігі – құнды қағаздардың қолданылуында. Пайыздық мөлшерлемесі – 10%.

Фото: Казинформ