Елордада қалалық туризм мәселелері бойынша Жаһандық Саммит өтеді

Елордада қалалық туризм мәселелері бойынша Жаһандық Саммит өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы қазан айының 9 мен 12 аралығында қалалық туризм мәселелері бойынша Жаһандық Саммит өтеді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Ауқымды шараның ұйымдастырушылары елорда әкімдігі мен БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы. Жиында әлемнің 30 елінен 700-ден астам делегет бас қосады деп күтілуде. Саммит бағдарламасы бойынша қаланы басқару, инновациялар мен технологиялар тұрақты даму және туризм саласындағы жаңашылдықтар талқыланып, деклорация қабылданатын болады.

ХЕЛЕНА МАХУАС, «ASTANA CONVERSATION BUREAU»: ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жаһандық саммиттің басты тақырыбы «Ақылды қалалар – Ақылды бағыттар» деп бекітілді. Әлемнің әр түкпірінен келетін сарапшылар, түрлі қалалар мен компания және туристік ұйым өкілдері ақылды қалалардың көмегімен туристік бағытты дамыту және саланың мәселелерін шешудегі ықпалы жөнінде пікір алмасады. Сондай-ақ осы шараны ұйымдастыру арқылы Қазақстанның бас шаһарының туристік әлеуетін барынша танытуға болады. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: akipress.com