Қазақстан Kyiv Media Week шарасына қатысты

Орталық және Шығыс Еуропаның теледидар, масс-медиа әрі киноөндіріс саласының өкілдері Kyiv Media Week шарасында бас қосты. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылған форумға 37 елдің 800-ге жуық маманы қатысты. Бұл шараға Қазақстан атынан продакшн студияларының жетекшілері қатысты. Еліміз 1 жылда 40-қа жуық сериал түсірген. Келер жылы жаңа туындылар саны артады деп күтілуде. Сондай-ақ Kyiv Media Week – ақпараттық қауіпсіздік мәселесін де көтерді. Шара барысында ақпарат таратудағы мемлекеттік қолдау, жаңалықтардың қаралымы және биыл алғаш рет Қырғызстан және Молдова сияқты елдердің медиа нарығы да күн тәртібіне шығарылды.

ВИКТОРИЯ ЯРМОЩУК, KYIV MEDIA WEEK ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Биыл біз жаңа технология жайында көп айттық. Бұл сала күнделікті тұрмысымызды ғана емес киноөндірісті де өзгертіп жатыр. Жасанды ақыл-ой, машинамен жұмыс жайлы баяндамалар оқылды. Контент өндірісіне блокчейнджді қолдану тақырыбы көтерілді.

Киев медиа апталығында  копродукция, яғни мемлекеттертің бірігіп түсіретін өндірісі тақырыбы назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, Қазақстан мен Украинаның бұл саладағы ынтымақтастығы артқан. Айталық, екі ел бірігіп «Қасым» фильмін түсірген. Фильмде – Қазақстанның Халық қаһарманы, даңқты батыры Қасым Қайсеновтың ерлігі баяндалады. Биыл Киев медиа апталығы 20-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: Facebook