«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

Ізгілікті насихаттап, азаматтық бастамаларды дамыту. Атырауда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды. Құжат қабылдау шаралары 29-шы қарашаға дейін жалғасады. Қайырымдылық керуені екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар – ҚР Тұңғыш Президенті қоры, Іскер әйелдер қауымдастығы мен «Хабар» Агенттігі. Жеңімпаздар жалпы 5 номинация бойынша таңдалады. Туған жерге белсенді және ақысыз көмек көрсеткен жомарт жандар да арнайы марапатқа ие болады. Байқау жеңімпаздары елордада 2020 жылдың ақпан айының соңында, Алғыс айту күні қарсаңында анықталады.

НҰРЛЫ ӘЙТИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Атырау облысы – белсенді облыстардың бірі. Былтыр 50 конкурсант болды. Бізде іріктеуде өте үлкен жұмыс болды. Бірақ қуантарлық жағдай біздің елімізде, облысымызда өте жанашыр, патриоттық сезімі жоғары, қайырымдылық акциясын өткізетін кісілер аз емес. Соның ішінде тағы бір ерекше айтарлығы аудандардан да өте белсенді қатысты.

Фото: pricom.kz