«АХҚО соты: Бағыт-бағдары» атты кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтан қаласында «АХҚО Соты: бағыт бағдары» атты кітаптың тұсауы кесілді. Астана халықаралық сотының Төрағасы Лорд Вульф өз еңбегінде ағылшын құқығы негізінде елімізде алғаш құрылған соттың маңыздылығы жөнінде баяндап, Еуразия құрлығының инвестициялық хабы, аймақтың қаржылық торабы ретінде бағыт-бағдарын айқындады. Хронологиялық тәртіппен құрылған кітаптың алғашқы бөлімінде халықаралық соттың құрылу кезеңіне тоқталған. Келесі бөлімде де жаһандық маңызы сипатталады. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты.

ЛОРД ВУЛЬФ, АХҚО СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Кітап ең алдымен Қазақстанның азаматтарына мұндай соттың не үшін құрылғанын таныту және алдағы мақсатын көрсету қамында жазылды. Мен бұл еңбекте ерекше атап өтетін тұстары бар деп айта алмаймын. Ондағының бәрі маңызды. Кітапта халықаралық соттың қандай мақсатта және қалай құрылғаны айтылады. Сондай-ақ оның болашақтағы бағыт-бағдары, даму жолдарына қатысты ой-пікірім келтірілген. 

Фото: inform.kz