«Хабар» Агенттігі тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялады

«Хабар» Агенттігі өз жұмысына үнемі жаңашылдық енгізу арқылы, уақыт пен заман ағымына сай үздіксіз ілгері дамып келеді. Осы ұстанымдағы агенттік бүгіннен бастап инстаграм желісінде тележүргізушілерге ауқымды конкурс-кастинг жариялайды. Ол 3 кезеңнен тұрады. Ал оның алғашқы кезеңі бүгін 17 қыркүйекте басталды. Екінші кезең қазанның 7-сі мен 14-і аралығында жалғасатын болса, кастингтің үшінші, шешуші кезеңі 14-23 қазан аралығында өткізіледі. Жобаның басты шарты – кәмелетке толған, Инстаграм желісінде аккаунты бар кез келген азамат қатыса алады.

РИНАТ КЕРТАЕВ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қатарымызды жаңа кәсіби мамандармен, медиа салада, журналистикада жүрген профессионалдармен тағы бір толықтыру және оны әлеуметтік жоба ретінде аймағына, облысына қарамай, кастинг түрінде өткізу идеясы келді. Басты талап – ол ақылы мен көркі сай азамат болуы тиіс және ол адамның білімді болуы біз үшін басты критерийдің бірі.