Нұр-Сұлтан және Шанхай арасын тікелей әуе рейсі байланыстырады

Жақын уақытта Қазақстан астанасы мен Қытайдың Шанхай қаласын тікелей әуе рейсі байланыстырады. Еліміздің ұлттық әуе компаниясы мен қытайлық әуе тасымалдаушының арасында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Аспан асты елінің аталған шаһары «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық үшін басымдықты бағыттар қатарына жатады. Қазақстандағы Қытай елшісінің айтуынша, әуе рейсін іске қосу қос тараптың іскерлік байланыстарын күшейтіп қана қоймай, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. 

ЧЖАН СЯО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚХР ЕЛШІСІ:

– Екі ел азаматтары үшін өзара сапарлау үшін барынша қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Сол себепті жаңа тікелей әуе рейсінің ашылғанын күтіп отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: 1zoom.ru