«Хабар» Агенттігі жаңа маусымда жаңа жобаларын таныстырды

«Хабар» Агенттігі жаңа маусымға жаңа өнімдерін ұсынады. Отандық медиа әлеміндегі алып телекомпания көптің көкейін мазалаған мәселелерді қаузайтын өткір репортаждар мен саяси ток-шоулар көрсетпек. «Хабар» Агенттігі 4 отандық телеарнаны біріктіреді. «Хабар» телекомпаниясы – еліміздегі әйгілі тұлғалар туралы автобиографиялық фильмдерді шығарумен айналысатын жалғыз медиахолдинг. Осы жылдың өзінде агенттік 11 жаңа серия шығарды. Биыл арна 11 жаңа телехикая көрсетпек. Оның ішінде «Бекзат», «Батырлар жолы», «Қаламгер» секілді фильмдер бар.

АЙДОС ТҰРЫСБЕК, «ХАБАР» АРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

 - Сериалдарға басымдық беріп отырмыз. Сан түрлі жанрларға кезек беріледі. Соның ішінде комедия, мелодрама, әскери және тарихи драмалар, биографиялық фильмдер, тұлғатануды насихаттайтын, өмірден өткен ғұламалар мен ұлы адамдарымызды ұлықтайтын фильмдерге баса назар аударып отырмыз.

Ал «Еларна» тәжірибелі режиссерлердің шебер шешімдері мен жас суреткерлердің өткір ойларын кино сүйер қауымға ұсынбақ. Авторлық фильмдер мен «Еларна» түсірген қысқаметражды киноткартиналар, Еуропа мен Азияның алтын қоры көрерменге жол тартады.

АРМАН СЕЙІТМАМЫТ, EL ARNA ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Он компания болса, 10 телехикая түсіреді. Әрқайсысы өзінің жобасын жақсы шығар деген ой болады. «Қарлығаш ұя салғанда» ең үздік деп танылды.

118 елге тарайтын Kazakh TV-ның да өз айтары, ұсынары бар. Олардың қатарында ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелетін «Қазақ LIFE», «Айтыс LIFE», сондай-ақ саяхат пен тарих тақырыптарына арналған «Қазақ квест», «Кең дала» сынды бағдарламалар бар.

МАЙЯ БЕКБАЕВА «KAZAKH TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Жалпы біздің телеарнаның жаңа маусымы басты тақырыптарды басты міндет етіп алады. Бұл – туризмді насихаттау, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениетімізді және тарихымызды өзге елдерге таныстыру.

Жаңа маусымда Хабар24 арнасы жедел ақапарат көрсетуін жалғастырады. Биылғы ұстаным тікелей эфирлер санын арттыру.