Елордада Astana Media Week медиаапталығы басталды

Елордада Astana Media Week қазақстандық медиаапталығы басталды. Қалыптасқан дәстүрге сай медиа-индустрияның өкілдері бас қосып, бұқаралық ақпарат саласындағы соңғы үрдістерді талқылайды. Биыл шараға 2 мыңнан астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан теле және радиоарналарының қызметкерлері, продакшн-студиялардың өкілдері бар. Апталық аясында шетелдік және отандық ақпарат саласы шеберлерінің дәрістері ұйымдастырылады. Үш күнге жалғасатын шара Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға болмақ.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда медиа саласының атқарар маңызы зор. Осы орайда, еліміздің ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол – Елбасы бастаған, мемлекет басшысы жалғастырған «Ррухани жаңғыру» жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру. Astana Media Week алаңындағы негізгі мақсаттардың бірі – сіздер пікір алмасып, бір-бірлеріңізді таныса деген ниет. Осылайша, еліміздің медиа саласын әр тараптан емес ортақ мүдде аясында дамытқан деген тілек. Медиа сауатты арттыру, медиа мәдениетті қалыптастыру.

Фото: egemen.kz