Сексеуілді шабуға мораторий 5 жылға ұзартылды

Сексеуілді шабуға тыйым салу Қызылорда облысындағы шөлейтті жерлердің ауданын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Бүгінде мемлекеттік орман қорының 7 млн гектары осы өңірдің аумағында орналасқан. Оның 3 млн гектарында сексеуіл ағашы жайқалып тұр. 2015 жылы енгізілген мораторийдің арқасында ол орман қорының аумағында ғана емес, жеке меншік алқаптар мен ауылдық округтердің аумағында да жапырақ жайды. Бұл өсімдіктің экологияға пайдасы туралы мамандар да, сарапшылар да айтып отыр. Сондықтан оны шабуға салынған тыйым тағы 5 жылға ұзартылуы оң шешім, дейді олар.

ЖАНДОС ӘЛИЕВ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Табиғатқа пайдасы – ол ғылыми зерттелген нәрсе, бір дана секусеуіл он текше метрлі құмды ұстап тұрады, көшуін тоқтатып.  Бұл өте тиімді. Мәселен, басқа облыстарда құм көшкіні көбейіп жатыр. Ал бізде сексеуілдің көбеюіне байланысты ол тоқтатылды. Ол – ең басты қасиеті. Тағы бір қасиеті – елді мекендер сексеуілді отындық мақсатта пайдаланады.

Фото: turkystan.kz