Қазақстанда «Мейірімділік керуені» II республикалық байқауы басталды

Қайырымдылық идеяларын насихаттау және белсенді азаматтық позицияны дамыту. Қазақстанда «Мейірімділік керуені» II республикалық байқау-акциясы басталды. Оған жеке тұлғалар ғана емес, сонымен бірге елдің әлеуметтік және қоғамдық мәселелерін шешуге үлес қосқан заңды тұлғалар да қатыса алады, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

ИГОРЬ РОГОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің міндетіміз – бұл адамдарды анықтау, көрсету. Олардың көпшілігі аноним, қарапайым түрде әрекет етеді, ешкімнен бөліп-жарылып шықпайды, өздері туралы айтуға тырыспайды. Ал біздің міндетіміз – бұл адамдарды көпшілікке таныстыру. Өткен жылы біз бұл шараны сәтті өткіздік деп ойлаймын. Бізге 97 өтініш ұсынылды, олар туралы біз көп ақпарат алдық. Әрине, бір-біріне адал, риясыз ниетпен көмектесетін адамдар көп. Бүгінде біз 8 адамды белгілеп қойдық.

Айта кету керек, байқау өткен жылы сияқты, «Хабар» Агенттігінің ақпараттық қолдауымен өтеді. Оның нәтижелері 2020 жылдың ақпанында белгілі болады. Лауреаттар 5 арнайы номинация бойынша анықталады.

РАУШАН СӘРСЕМБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Мұнда жұмыс топтары құрылады, олардың құрамына Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері және өңірлердегі журналистер кіреді. Сонымен бірге олар конкурс жариялаған 5 номинация бойынша қарастырған кандидаттарды тыныстырып, ұсынатын болады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

Фото: presidentfoundation.kz