Қуғын-сүргін құрбанының хаттары маңызды құжатқа айналды

Қайыңның қабығына жазылған хаттар. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ерекше естеліктермен бөлісті. Зерттеушілер 1939 жылы тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Борис Лапиннің Өскемендегі туысқандарына жазған хаттарын көрсетті. Ондағы әр сөйлем қайғы мен қасіретке, сағыныш пен үмітке толы. Ең таңғаларлығы – ол бір хатын журнал, кітап беттеріне жазса, тағы бір хатын қайың қабығына, папирусқа жазып, амалдап отбасына жолдап отырған. Чита облысындағы лагерьден келген хатарды марқұмның туыстары музейге өткізген.

ФАРИДА БЕГІМХАНОВА, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙДЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Лапин хаттарында өзінің отбасына деген сағынышын, лагерьдегі ауыр жағдайды суреттеп, отбасының, екі қызының жағдайын сұрап хат жазады. Өзінің бақшасының қалай өсіп тұрғанын, тіпті бақшадағы өсіп тұрған гүлдерін де сұрайды.

ЗАРИНА БОЛЫСПАЕВА, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ ҚОРЫНЫҢ САҚТАУШЫСЫ:

 - Бұл артефактілердің ерекшелігі: қайыңның қабықтарына жазылған хаттар. Көбінесе тұтқындар кітап және журнал парақтарында жазған, олар папирус қағаздарын қолданған.

Фото: Хабар 24