Оңтүстік Кореяда қазақша күрестен турнир өтті

Оңтүстік Кореяда спортшылар қазақша күрестің қыр сырына қаныға бастады. Чунджу қаласындағы жастар лагерінде Қазақстан, Бразилия, Түркия және Моңғолияның палуандары боз кілемде бас қосты.Олар жауынгерік белдесудің барлық тәсілдеріне қанығып,тиімділіктерін ескеріп, күрес барысында машықтанып көрді. Палуандар сонымен қоса әр тілдердегі сәлемдесу мен қоштасуға дейінгі рәсімдерін үйренді.

5 елдің палуандарын кілемде кезіктерген бұл шараны ЮНЕСКО жанындағы халықаралық жауынгерлік өнер орталығы ұйымдастырды. Бір апта ішінде спортшылар қазақтың ұлттық күрес өнерінен бөлек, моңғолдардың-бохын, кәрістердің  ссирымын, түріктердің – гюрешін және бразилиялықтардың капуэйра күресін меңгерді.

ХАННА ЧОЙ,  СПЕЦИАЛИСТ МЕЖДУНАРОДНОГО ЦЕНТРА БОЕВЫХ ИСКУССТВ ЮНЕСКО:

 - Халықаралық лагерьде осы спорттық шараға қатысушылар барлық жауынгерлік күрестің тәсілін үйренді. Кәрістің ұлттық күресі ссирыммен белдесіп жүрген спортшылар моңғолдың бохынан біршама тәсіл үйренді. Қазақ күресінің ерекшеліктеріне де көз жеткізді. Спортшылар белдескеннен бөлек, әр ұлттың мәдениетінен ақпарат алып, сәлемдесу сөзін үйренді.Бұл шара жауынгерлік күрес өнерінің халықаралық аренада беделін көтереді.  

Жаттығу барысында Бразилиядан келген палуандар капуэйро мен қазақ күресінің арасында өте көп ұқсастықтардың барын алға тартты.

ВЕЛИНГТОН  НЕЛЬСОН ФЕРНАНДЕС, МАСТЕР КАПУЭЙРА:

 - Біз бірінші рет Қазақстандық спортшылармен кездесіп тұрмыз.Олардың қарапайымдығы, білімді болуы тұтастай қазақ ұлты туралы біздер үшін жақсы пікір қалыптастырды. Екі елдің күресінде де ұқсастық көп. Біз екі ел арасындағы қауымдастық байланысын дамытуға мүдделіміз.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ЗАСЛУЖЕННЫЙ ТРЕНЕР РК:

-  Қазақ күресінің ережесі әлемде көп күрестерге келеді. Мысалы, дзюдо, самбоға ұсқайды. Еркін күрес элементтері дөп келгендіктен, көп спортшылар емін-еркін күреседі. Оған кеше Моңғолияда өткен Азия біріншілігі дәлел. Сегіз салмақтың үшеуінде қазақ палуандары жеңіске жетті.

Кореяның Чунджу қаласында спортшылар тәжірибе алмасу мақсатында осы шараға қатысқан мемлекеттердің күрес қауымдастықтарымен байланыс орнатуға уағдаласты. Бұл әрекет қазақ күресін әлемдік аренада танымал етуге септігін тигізеді. Сол арқылы қазақ күресін олимпиада ойындарына қосу мақсаты айқындала түспек.

Фото: Хабар 24