Елордада «Job fair-2019» атты жұмыс жәрмеңкесі өтті

Білікті маман қашан да сұранысқа ие. Қазақстандық және халықаралық жұмыс берушілердің қатысуымен елордада өткен «Job fair-2019» шарасы осыған дәлел. Жәрмеңкеге 80-нен астап жұмыс беруші және шамамен 500-ге жуық жас маман қатысты, - деп хабарлайды Kazakh TV  арнасының тілшісі.

Экономиканың мұнайгаз, IT, ғарыштық және өнеркәсіптік инжиниринг, білім және ғылым, медицина секторларында жұмыс істейтін халықаралық және жергілікті ірі компаниялардың өкілдері Қазақстанның және әлемнің озық жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектермен әңгімелесе алды. Сонымен қатар шара аясында жұмыс іздеушілерге арнап шеберлік сыныптары, тренингтер ұйымдастырылды.

ДИНАРА ӘБІШЕВА, ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ:

 - Мен бүгінгі  «Job fair 2019» - ға өз мамандығым бойынша жұмыс табуға келдім. Бір апта болды Қазақстанға келгеніме. Жуырда магистратура бітіріп, диплом алдым. Енді жұмыс табамын деп үміттенемін.

АҚМАРАЛ ЕСҚАРАЕВА, «CAREER CENTRE» ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл жәрмеңкені өткізу себебі жұмыс берушілерден үлкен сұраныс болды. Жұмыс берушілер өздеріне жоғары білікті мамандар табу үшін сұраныстарын жоғарылатты. Түлектер мен жұмыс берушілерге үлкен бір алаң болды. Шарада жоғары білікті мамандар табуға жағдай жасалған.

Авторы: Ақзер Сегібаева

Фото: bestnews.kz