Қазақстандық жастарға өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік көп

Әлеуметтік белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру – Қазақстандағы жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі. Жастар жылы аясында елімізде «JasA» жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында жастар аймақтар мен ауылдарда өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыра алады. Республикамыздың барлық өңірлерінен 600 қатысушы іріктелген, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Ал қоғам үшін пайдалы болар идеяларға 100 шағын грант бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ жоба аясында Нұр-Сұлтанда Жастар ісі жөніндегі қызметкерлерді оқытудың екінші кезеңі басталды, оған 68 маман қатысты. Курсты меңгеріп шыққандарға өршіл жастарға өз бастамаларын жүзеге асыруға көмектесу ролі жүктелді, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

АРСЕН КАМБАЛОВ, «JASA» ЖОБАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:

- Мұндай  тренингтерде Белоруссияның халықаралық сарапшылары мен ұлттық жаттықтырушылар жастардың бастамаларын алға қарай жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Жобалық менеджмент, жобалық бағыт ұғымдары туралы, мақсат қою, жоспарлау, сондай-ақ ментордың немесе коучтің жастармен өзара іс-әрекет қағидаттары туралы айтылады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: jashome.org