Қазақстандағы мұғалімдердің көшбасшылығын қолдау

Қазақстанда мұғалімдердің көшбасшылығын қолдауға бағытталған бірегей білім беру әдісі іске қосылмақ. Британдық жетекші сарапшылар әзірлеген Халықаралық жоба елімізде алғаш рет 2016 жылы сынақтан өткен. Дэвид Фросттың 30 жылдан астам еңбек еткен авторлық концепциясы, екі жыл ішінде республиканың 8 мектебінде сәтті сынақтан өтті. Биылғы жылы инновациялық бағдарламаны Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз және Көкшетаудың 16 мектебінде іске қосу жоспарланып отыр.

ДЭВИД ФРОСТ, HERTSCAM NETWORK КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЖӘНЕ МҮШЕСІ / ҰЛЫБРИТАНИЯ:

 - Жоба бастапқыда халықаралық дәрежеде әзірленген болатын. Бірақ оны біз өзімізге қарай бейімдеп алдық. Көкшетау мен Тараз мектептерінде екі пилоттық жоба жүргіздік. Бұл сынақ түрінде жүргізілді. Осылайша, жүйенің қалай жұмыс істейтінін көріп, механизмнің өзін, жоба құрылымын қазақстандықтарға сай етіп жасадық.

Сарапшылардың айтуынша, мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту бойынша жұмыс жаңа технологияларды сынақтан өткізу, заманауи оқыту жүйесіндегі аналитикалық және шығармашылық тәсілдерінен тұрады. Жалпы осы әдістемені оқыту бағдарламасы мұғалімдердің семинарларға, конференцияларға, кеңестерге және мектепішілік кездесулерге қатысуына негізделген.

ҚҰРАЛАЙ МҰҚЫШЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ № 79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жоба қысқа мерзімді болмайды, бұл жоба ұзақ мерзімді болады. Байқаудың ұйымдастырушылары арнайы оқудан өткендерді, мұғалімдерді бақылап, олардың нәтижелерін көріп, осы нәтижелерімен біз, директорлар танысатын боламыз. Біз өте қуаныштымыз. Себебі біздің ұжымға келетін басқа мұғалімдерді арнайы оқудан өткендер үйрететін болады.

АРДАҚ СМАҒҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Тек басшы-көшбасшыларды ғана емес, сонымен қатар көшбасшы-оқытушыларды да дайындау қажет. Не себепті? Өйткені көшбасшы-оқытушы жаңа формадағы мұғалім ретінде жаңа ойлармен, өзін-өзі танудың жаңа бағыттарын анықтауды қалыптастырады. Әр оқушы осындай мұғалімнің сабақтарынан кейін алға қарай жүруді, өзін-өзі жетілдіруді үйренетін болады. Бұл пилоттық жоба шеңберінде дайындық, бұл мұғалімнің өзінің жеке позициясынан туындаған көшбасшылық емес, сондықтан бұл жоба Қазақстанда ерекше болып табылады.

Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, «Үздік мұғалім» бағдарламасы бүгінгі таңда әлемнің 15 елінде табысты түрде қолданылады. Оның ішінде Жаңа Зеландия, Португалия, Македония, Түркия, Греция, Молдова және Еуропаның басқа да елдері бар. Келесі жылы пилоттық жобаны Малайзия, Ирландия және Катар елдерінде іске қосу жоспарлануда.

Фото: sputniknews.kz