Грузияда өткен Дидгороба мерекесіне «Бабалар ізімен» экспедициясының мүшелері арнайы шақырылды

Грузиялықтар Дидгороба мерекесін тойлады. Атаулы дата жергілікті халық үшін бірлік пен жеңіс күні саналады. Биыл мерекелік іс-шараға елімізден «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының мүшелері де арнайы шақырылды. Себебі Давид IV-нің жеңіске жетуіне қыпшақ жауынгерлерінің қосқан үлесі ұшан теңіз. Сондықтан құрметті қонақ ретінде қатысып, дәстүрлі әннен тарту жасады.

Тарихи деректерге қарағанда, осы ұрыста Давид IV-ге қолдау көрсету үшін Грузияға Дешті Қыпшақ даласынан 40 мың отбасы, яғни 200 мың адам келген. Жеңіске жеткен патша олармен байланысын бекемдей түсу үшін малға жайлы шұрайлы жер беріп, барынша жағдай жасаған. 

САПАР ЫСҚАҚОВ, «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл арада біздің бабаларымыздың шайқасқан, бірге болған, бірге қан төгіскен жерде олардың аты да жазылуы керек. Қанша адам қатысты, қыпшақтар жағынан, осетин жағынан. Біздің Қазақстанда да осындай жеңістер болды. Сол жерлерге біз осындай үлкен комплекс орнатсақ, жастарды жинап тойлап отсақ, сонда мүмкін жастардың патриоттық сезімі оянып, жоғарылауы мүмкін.

Фото: Хабар 24