Абай шығармаларының жаңа үлгідегі екі томдығы жарық көрді

Семейде «Абай: жаңаша үлгідегі басылым» қос томдығы жарық көрді. «Рухани қазына» бағдарламасының жемісі – Ұлы Абайдың 175 жылдығына тарту. Кітапта ақынның түрлі жылдарда жазылған өлең-жырлары түсіндірмесімен қоса берілген.

МАЙГҮЛ МАЛҒАЖДАР, ОҚУ ЗАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Құрастырушының өзінің ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол өлеңдер шығу жылдарына байланысты хронологиялық ретпен орналасқан болатын. Екіншіден, Абай өлеңдерінің шығу тарихына байланысты. Одан кейін әр өлеңнің мазмұнына түсініктеме берген.

Екі томның жинақталуына философия ғылымдарының кандидаты Асан Омар жетекшілік етті. Әзірге қос томның 100 данасы ғана басылды.

ГҮЛМИРА НҰҒЫМАНОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Екінші томда Абайдың «Қара сөздері» жинақталған. Сонымен қатар оның аудармалары, тарихи жазбалары топтастырылған. Жалпы алғанда Ұлы ақынның рухани мұрасы – жанды ойлардан өрілген зияткерлік кеңістік. Оның мұрасы жаңғырудың ажырамас бөлігі іспеттес, маңыздылығын жоғалтпайды.

Фото: inform.kz