Индонезиялық туристер Қазақстанға келді

Орталық Азия – бүкіл әлемнің саяхатшыларын өзіне тартып тұратын орталық болып табылады. Индонезиядан келген туристер тобы Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Kazkh TV арнасының тілшісі.

Оңтүстік-Шығыс Азияның тұрғындары өз алдарына екі көлікпен 52 елді аралап шығып, континентке бірегей саяхат жасау мақсатын қойған. Ал олардың Орталық Азиямен танысуы Қазақстаннан басталды. Келген туристер елорданың таңғажайып сәулеті  мен рухы бірден тың серпін бергенін атап өтті. Нұр-Сұлтаннан кейін автотурға қатысушылар Өзбекстан мен Қырғызстанға қарай бағыт алмақ.

ИИП АМИНУЛЛОХ, ТУРИСТЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз 2018 жылдың 20 мамырында сапарымызды бастадық. Осы уақытқа дейін 39 елде болдық. Нұр-Сұлтан ғажайып жаңа қала, Қазақстанның жас астанасы, менің ойымша, мұнда туристік әлеует бар. Біз үшін, индонезиялықтар үшін өте тамаша жер. Мұнда көптеген жаңа жерлерді көруге, әсіресе мәдениетін тануға мүмкіндік бар. Біздің командамызда операторымыз бар, сапардың соңында біз арнайы фильм шығарамыз.

Авторы: Ақзер Сегізбаева