Шымбұлақ – ТМД-дағы үздік курорттардың қатарында

Қазақстандық Шымбұлақ тау-шаңғы курорты үздіктер қатарында. Іле Алатауы шыңындағы шипажай ТМД елдері арасындағы жазғы демалысты өткізу орындарының рейтінгісінде екінші орынды иеленген. Бұл рейтинг демалыс орындарының танымалдылығы мен инфрақұрылымының дамуы және көліктік қолжетімділік бойынша жасалған. Сарапшылардың пікірінше, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының қалаға жақын орналасуы, туристерді, әсіресе жаяу жүргіншілерді қызықтырады. Тау шаңғы спортын сүйетіндерді тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және слалом – алыптар трассалары, тау-шаңғы мектебі, аспалы жол қуанта алады. Ресейлік ТурСтат агенттігінің хабарлауынша, Сочидің қызыл алаңы жазғы демалысты белсенді өткізуге қолайлы деп танылса, Қырым курорты үшінші орында.

Фото: zhasalash.kz