2019 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

2019 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

1 тамызда білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Тізімнің толық нұсқасын мына жерден қарауға болады: 

2019 жылғы орыс тіліндегі гранттар тізімі

2019 жылғы қазақ тіліндегі гранттар тізімі

Сондай-ақ білім грантының иегерлері Egemen.kz, Kazpravda.kz сайттары мен @testcenterBot - Телеграм-ботында жарияланған.  

Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша республикалық байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы, қоғамдық бірлестіктер, ҚР БҒМ Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл білім гранттары білім бағдарламасының топтары бойынша берілген. Жоғары оқу орнына түсер кезінде түлек алдағы білімі үшін нақты білім бағдарламасын таңдайды. 

2019-2020 оқу жылына 53 785 грант берілген. 

Мемлекеттік тапсырыстың 47 пайыздан көбі инженер, өңдеу және құрылыс салалары мен IT-технологияға қарастырылған. 8276 грант - педагогика ғылымына, 4088 - грант жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға, 2200 грант - қызмет көрсету мамандықтарына, 1615 грант - өнер мен гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға, 2183 грант әлеуметтік ғылым, бизнес пен экономикаға берілді.

Фото: Tengrinews.kz