Ұлт пен ұлыстың басын біріктірген Елбасы кітабы таныстырылды

Ұлт пен ұлыстың басын біріктірген Елбасы кітабы таныстырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Елбасы мен Халық» кітабының тұсаукесерін жасады. Ол туындыда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы бергі 1995 жылдан бастап осы кезге дейінгі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сессияларда сөйлеген баяндамалары топтастырылған.  Жинаққа Елбасының жеке мұрағатынан алынған құжаттар енгізілген. Осы шығармада Н. Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұстанған саясатынан бастап, саяси тұрақтылықпен елдің бірлігіне сын қақтырмағаны туралы баяндалады. Бұл кітапта, сонымен қатар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қатар ұстанудағы еліміздің позициясы өз алдына үлгі ретінде жазылған. Сол механизмді іске асырудағы Ұлт көшбасшысының еңбегі ұлықталған. Одан өзге әлемдік дәрежедегі танымал саясаткерлердің байламы мен бірлестік жетекшілерінің пікірлері топтастырылған.   

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бұл кітапта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудағы қазақстандық модуль тәптіштеліп жазылған. Ассамблея төрағасының, Елбасының әр баяндамасын оқыған сайын ұлтаралық, ұлысаралық қарым-қатынасты реттеудегі мемлекеттік саясаттың қалыптасуын кезең-кезеңімен көресіз.