«Бабалар үні» автошеруі аясында саяхатшылар 7 елді аралап шығады

«Бабалар үні» автошеруі аясында саяхатшылар 7 елді аралап шығады

«Бабалар үні». Орталық Азия елдері осындай айдар тағылған автошерудің бағытына енді. Қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің аумағын басып өтеді. Жалпы жоба аясында саяхатшылар 7 елді аралап шығады. Олардың қатарында Ресей, Қытай, Монғолия және Корея мемлекеттері бар. Ұзақ сапарға осы елдердің азаматтары мен кореялық қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – халықаралық қарым-қатынасты дамыту.

ЭРНЕСТ КИМ, АВТОШЕРУДІҢ ЖЕТЕКШІСІ /РФ/:

 - Бұл айтулы шараға өзге де елдер ортақтасып отыр. Біз барлығымыз Еуразия кеңістігін мекендейміз. Сондықтан Ресей, Өзбекстан, Қазақстан сынды аймақтағы елдерді аралап халықтар арасындағы достықты насихаттап, мәдени сабақтастықты танытқымыз келеді. Сондықтан да бұл достық шеруі арқылы өзара байланысымызды жаңғырту көзделген.

Осылайша қатысушылар Еуразия құрлығындағы елдердің байланысына қан жүгіртіп, іскерлік, ғылыми, туристік және өзге де әлеуетті салаларда қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобаларға ұйытқы болуды көздейді. 

Фото: yunews.kz