Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту

Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту

Солтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың мол мүмкіндігі бар. Жасыл желекке көмілген аймақта небір көрікті жерлер мен сан түрлі шөптер өскен алқап жеткілікті. Өзен-сулары өз алдына. Мәселен, бұл жердегі Имантау-Шалқар курорттық аймағын нағыз табиғаттың саясы деп бағалауға болады. Дәл осы жерде Шалқар көлі бар. Таза әрі тұзды көлі көптеген аймақ тұрғындарының ем алуға әрі дем алуға тура осы жерге алып келеді. Бұл жерге тек еліміздің өзге өңірлерінен емес, көршілес елден де саяхатшылар ағылады. Туристердің көбі Ресейден келеді. Суға түсіп, балық аулауға таптырмас көл. Көлдің емдік лайы үшін де Шалқарға көп адам келеді. Жергілікті атқарушы орган осы орайда туризмді дамыту мақсатында ауқымды жоспарларын бекітті. Оның алғашқы кезеңдері сәтті жүзеге асты.

АМАНБЕК МАХМЕТОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  2018 жылы жолдарды дұрыстауға 3 млрд теңге бөлінді. 2019 жылы 2,5 млрд қаражат қарастырылған. Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар демалыс орталығы Қазақстан бойынша туристік әлеуеті жоғары топ-10-қа кірді. Онда үлкен жоспар дайындалып жатыр. 2025 жылға дейін 56 іс-шара өткізіледі. Оған 26 млрд теңге қарастырылған. Барлық іс-шара іске асса, бүкіл жағдайлар жасалады деп сенемін.

Фото: sko.gov.kz