Қазақстанда «Jastar kerýeni» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады

Қазақстанда «Jastar kerýeni» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады

Елжанды өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда елімізде жарияланған Жастар жылы аясында «Jastar kerýeni» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылмақ. Қазір ауқымды бастамаға іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Жалпы жобаға 2 мыңға тарта белсендіні тарту көзделген. Мақсат – қатысушыларға кіндік қаны тамған жерді басқа қырынан таныту. Қатысушылар 13 тамыз күні 7 бағыт бойынша сапарға шығады. Оның барысында жастар Қазақстанның киелі мекендеріне аялдап, тарихи нысандарды аралайды. Танымдық керуенмен бірге жол тартатындар байтақ еліміздің сұлу табиғатына қанығатын болады. Кейін өздері аяқ басқан орындардан алған әсерлерін әлеуметтік желіге жариялайды. Осылайша жастар отандық туризмнің дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қоспақ.

ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ, ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстандағы жаңа бір туристік маршруттарды, жаңа бір бағыттарды белгілеуге өздерінің үлкен бір септігін тигізеді деген ойдамыз. Сонымен қатар бұл жерде жастардың өзінің туған жеріне, туған өлкесіне басқаша бір қырынан қарауға мүмкіндік беретін жоба.  

Фото: egemen.kz