Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ролі

Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ролі

Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетін алаңына айналады. Сарапшылардың пікірінше, жаңа ұйым қоғам, саяси партиялар және мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланыс көпірі қызметін атқаратын болады. Пікірлер плюрализмі негізінде шешімдер қабылданып, олар ұсыныс сипатында болады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы тамыз айына жоспарланып отыр.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Ұлттық кеңесте мемлекет тарапынан жасалынатын маңызды белгілі құжаттардың бастамалардың қоғамдық сараптамасы ғана жасалынады. Яғни жүзеге асырылатын бастамалардың қажеттілігін ескере отырып, сол бастамаларға қатысты қоғам өкілдерінің, қоғам белсенділерінің , сарапшылардың пікірлері қарастырылатын болады. Сондықттан ұлттық кеңес басқа құрылымдардың функциясын қайталамайды. Бұл – маңызды азаматтық қоғамдық диалог құралы ғана.

АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Стратегиялық және ұлттық сипаттағы проблема болса, ол ұлттық органдар деңгейінде талқыланып, Ұлттық кеңеске шығарылады. Сарапшылардың, мүшелердің пікірлері ескеріліп, дауыстардың басымдығына қарай шешім қабылданады. Бұл референдум емес, бірақ дауыс беру арқылы оң немесе теріс шешім қабылданады.

Фото: kaz.tengrinews.kz