Елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

Елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

Мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының басты мақсаты осы болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің ережесі мен құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ұлттық кеңес – консультативтік-кеңесші орган. Оның құрамы еліміздің негізгі қоғамдық-саяси топтарының өкілдерінен қалыптастырылады. 

РАХЫМ ОШАКБАЕВ, «ТАЛАП» ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Біздің саяси жүйеде мәртебесі аса жоғары орган құрылып отыр. Оны Президенттің өзі басқарады. Бұл – саяси модернизациядағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы қоғамдық сенім, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет туралы айтты. Жоғары атқарушы билік азаматтық қоғаммен тікелей диалог орнатып, өзара байланыс болады деген сөз.

Фото: sputniknews.kz