Қазақстандық дәрігерлерге клиникалық медицина бойынша жахандық деректер қолжетімді болады

Қазақстандық дәрігерлер үшін клиникалық медицина бойынша жаһандық деректер базасы қолжетімді болады. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі әлемдік медициналық білім таратушы жетекші британдық компаниямен меморандум жасасты. 3 жылға жоспарланған келісім құжатына сәйкес жергілікті дәрігерлер онлайн режимінде біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Оған қажетті бар ақпарат арнайы қосымша портал арқылы қолжетімді. Бұл әлемдік деңгейдегі үздік халықаралық тәжірибелер жергілікті науқастарға сапалы ем қолданып, инфекциялық ауруларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Британдық портал жұмыс үрдісінен алыстамай оқу қурстарын меңгеруге ыңғайлы етіп құрылған.

ЭШЛИ МАККИММ, БРИТАНДЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ  ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

 - Барлық үрдіс онлайн түрде өтеді. Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге портал арқылы интернеттен жұмысына қатысты бар ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осылайша өздерінің біліктіліктерін арттыра алады. Бізде орыс және ағылшын тілдерінде түрлі оқу бағдарламалары құрылған. Олар арқылы инфекциялық ауруларды ерте анықтауға үйренеді. 

САУЛЕ СЫДЫКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПОРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Дәрігер өзіне ыңғайлы уақыт тауып, заманауи медицинаның жаңашылдықтарын, ғылыми жұмыстарды өз саласына қатысты интернет рессурстармен танысып, тәжірибе жүзінде ендіре алады. Ол үшін арнайы порталға тіркелу қажет. Ондағы әрекеттері бақылауда болады. Осының бәрі дәрігерлерімізге өз біліктіліктері мен кәсіби шеберлігін арттыруға сеп болады. 

Фото: dsm.gov.kz