НАСА астронавты Қазақстанға келді

НАСА астронавты Қазақстанға келді

Адамзаттың келешегі ғарышты игерумен байланысты. Доктор Мэри Эллен Вебер осындай пікірде. НАСА астронавты болған ол елордаға сапармен келді. Айтуынша, Қазақстан мемлекетінің атауы әрдайым адамзаттың жаңаша тарихындағы елеулі жетісіктерімен байланысты болады. Өйткені адам баласы ғарыш кеңістігіне алғаш аттанған мекен – осы қазақ елі. Вебердің өзі көк тұңғиығына екі мәрте сапар шеккен. 1995 жылы Дискавери кемесімен аттанса, 2000 жылы Халықаралық ғарыш станциясындағы команда құрамында болған. Мэри Эллен Вебер парашют спортымен де айналысады. Осы уақытқа дейін ол биіктіктен 5 мыңнан аса мәрте секіріс жасаған екен. Астронавт әйел батыл армандардан бас тартпай, көздеген мақсаттарға жету жолында қаймықпауға кеңес береді. 

МЭРИ ЭЛЛЕН ВЭБЕР, БҰРЫНҒЫ НАСА АСТРОНАВТЫ:

Мен айналысып келген жұмыс бұрын негізінен ер адамдардың ісі саналатын. Алайда мен бұған назар аудармай, жаным қалаған мамандықты таңдадым. Ғалым болдым, астронавт атандым. Тіпті, скайдайвингпен айналысқым келіп, оны да меңгеріп алдым.

Фото: pinterest.com