Елордада стартап жобалардың Ұлттық байқауы өтті

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының қолдауымен стартап жобалардың Ұлттық байқауы өтті. Шара «Astana Innovations Challenge» ауқымды стартап-жобалар аясында ұйымдастырылды. Байқауға 80-нен астам өтінім келіп түсіп, оның 40-ғы іріктеуден өткен.

БЕКТҰРОВА МАЛИКА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Олар іріктеуден ары қарай өтіп жатыр. Соңында 10 финалист болып шығады. Сол финали стерді Seedstars және біздер, Тұңғыш Президенттің қоры барлығымыз қолдау жасап, оларды тек жоба ғана емес, ары қарай жұмыс істей алатындай, бизнестеріне инвестиция құюға көмектесеміз.

Ұйымдастырушылар жеңіске жеткен жобаларды ары қарай қолдауға дайын. Байқаудың жеңімпаздары Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия арасында аймақтық Seedstars саммитіне әрі 3 айлық оқыту бағдарламасына қатыса алады. Айта кетерлігі, қазіргі таңда елорда инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу бойынша жаңа идеяларды генерациялау орталығына айналды. Аталмыш байқау Нұр-Сұлтанда биыл 2-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Фото: astanaic.kz