Мемлекеттік ту көкке көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда күні мерекесінің басталуына орай салтанатты жиынға қатысып, еліміздің көк туын Нұр-Сұлтан қаласында көкке көтерді. Әскерилер сап түзеген салтанатты жиын «Атамекен» этно-мемориальдық кешінің дәл жанында өтті. Ресми мәлімдемесінде мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның іргесін бекітіп, еңсесін тіктеудегі бас қаланың орнына тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз – қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты Ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде. Бұл аға буынның сіздерге деген зор сенімін көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 4 туындысы елордамыз, халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айғақтайды.

Ту көтеру рәсімінен кейін мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы әскери оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектеріне әскери шен белгілерін табыстады. 

Фото: elorda.info